А.Гутерриш: Covid-19 пандемияның соңғысы емес  

А.Гутерриш: Covid-19 пандемияның соңғысы емес   

Коронавирус адамзат үшін соңғы пандемия емес, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш «Твиттердегі» парақшасында мәлімдеді.

Сондықтан әлем келесі індетке төтеп беруге қазірден қамдануы керек. Сондай-ақ Гутерриш бүгін індетке қарсы дайындықтың халықаралық күні екенін еске салды. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымы 2020 жылдың қарашасында бекіткен.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Ковид-19» коронавирус инфекциясын, пандемия деп былтыр наурыз айында жариялаған болатын.