Мексикада мигранттар лагері бұзылды

Мексикада мигранттар лагері бұзылды

Мексиканың Тапачула қаласында мигранттарға арналған лагерь талапқа сай болмаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі уақытша салынған орталық санитарлық талаптарға сай болмай, босқындар наразылығын туғызған. Ал орталықты паналап келген 3 мың мигрантқа виза құжаттарын реттеуге рұқсат ететін, кью-ар код берілді. Бұл арқылы келімсек 1 ай ішінде босқын мәртебесін ала алады. Бірақ келімсектердің кейбірі АҚШ-қа қарай сапарын жалғастыруға ниетті.

Айта кетейік, соңғы 12 айда Мексикадан АҚШ аумағына 1 миллион 700 мыңнан астам адам өтпек болған.