Оңтүстік Африка Республикасының парламенті отқа оранды
Алдын ала ақпарат бойынша өрт үшінші қабатта тұтанып, шатырға жайылған, деп хабарлайды Хабар 24.
Сондай-ақ ғимарат қабырғасында жарықшақ пайда болған. Куәгерлер аспанға таралған қою түтін Кейптаунның алыс жағынан да көзге көрінетінін айтады. Оқиға орнында 40-қа жуық өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.