Қытайда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

Қытайда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысында құрылыс алаңында лай көшкіні жүріп, 14 адам қаза тапты.

Тағы 3 құрылысшы жарақат алған. Түнгі уақыттағы құтқару жұмыстарына, бір мыңнан астам адам жұмылдырылды. Бұл жерде аурухананың оқу кешені салынып жатқан еді. Лай көшкініне не себеп болғаны белгісіз. Апат болған Гуйчжоу таулы өңірде орналасқан және Қытайдың ең нашар дамыған аймақтарының бірі. Жалпы елде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтамағандықтан жұмыс орындарында осындай апаттар жиі болып тұрады.