COVID 19: Мексика ауруханаларында орын жоқ

COVID 19: Мексика ауруханаларында орын жоқ

Мексикада соңғы бір күнде 47 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды.

Елде індет басталғалы мұндай көрсеткіш болмаған еді. Қазір ауруханалар мен ПТР-тест орталықтарында, тексерушілер қарасы күрт артып, тест жетіспей жатыр. Билік аурудың көбеюіне омикрон себеп деп отыр. Ал кей тұрғындар билік дағдарысты еңсеру үшін тиісті шаралар қабылдамай жатыр деп өкпелі.

Айта кетерлігі, Мексикада халықтың 56 проценті толық вакцина салдырған.

Эстебан Васкес, тұрғын:

– Бір күнде 47 мың адам вирус жұқтырғанын жаңалықтардан естідім. Індеттің бұлай өршуіне бірнеше себеп бар. Мәселен, тұрғындар сақтыққа немқұрайлы қарайды. Медициналық мекемелер де өз жұмысын дұрыс атқарып жатқан жоқ деп ойлаймын.