Германияның жанармай бекетінде жарылыс болды

Германияның жанармай бекетінде жарылыс болды

Ланген-Берхайм қаласындағы жанармай бекетінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Жарылыстың арты өртке ұласты. Полицияның хабарлауынша, марқұмның бірі көлігінен шыға алмай, сол күйі жанып кеткен. Екінші кісі сол көліктің маңынан табылған. Марқұмдардың кім екенін анықтау да мүмкін болмай тұр – дейді тергеушілер. Болжамға қарағанда екі көліктің бірі жанармай бекетін соғып, артынша жарылыс болған. Жақын маңдағы мейрамханаға да от тиген.  

Феликс Гайс, оңтүстік-шығыс Гессен полициясының баспасөз хатшысы:

– Түстен кейін бір адам жанар-жағармай бекетінде жарылыс болғанын хабарлады. Сол жерде тұрған 2 көлік жанып кеткен екен. Қазір тергеу жүріп жатыр.