Австралияда рекордты өлім-жітім анықталды

Австралияда рекордты өлім-жітім анықталды

Австралияда коронавирустан көз жұмғандардың рекордты саны тіркелді, деп хабарлайды Хабар 24.

Мельбурнда науқастар қатарының артуына және ауруханаларда орындардың жетіспеушілігіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Індетке шалдыққан немесе науқастармен қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлерінің саны 5 мыңға жетіп қалды. Эпиджағдайдың ушығуына қарамастан билік бұрынғыдай карантин жариялауға асығар емес. Ауруханалар еңбек демалысына шыққандарды шақырып, сондай-ақ ковидтен басқа дертпен ауырғандар қабылданбай жатыр. Физиотерапевтер мен студенттерге медбике міндеті жүктелуде.