Дәрігерлер шалғай ауылдарға жаяу аттанады

Дәрігерлер шалғай ауылдарға жаяу аттанады

Үндістандық дәрігерлер шалғайдағы елді мекендерге жаяу аттанып жатыр. Тіпті қалың қарда омбылап, жанын қинап жүргендер де бар.

Мақсат - тұрғындарға вакцина салу. Адам аяғы баспайтын аймақтың бірі - Джамму мен Кашмирдегі Барамула ауданы. Бұл өңірге жету үшін дәрігерлер тау-тас кезіп, керек болса шыңға өрмелейді. Дәрігерлердің бұлай жанкештілікке салынуына коронавирустың күрт өршуі себеп. Тек өткен тәуліктің өзінде бұл елде 330 мыңнан астам адамнан вирус жұқтырған.