Ауғанстанда жарылыстан жеті адам қаза тауып, он адам зардап шекті

Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат қаласында жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті. Бұл туралы ТАСС жергілікті TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, Хаджи Аббас ауданында жолаушылар микроавтобусы жарылған.

Қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында әйелдер мен балалар бар.

 

Жергілікті билік оқиғаның салдарынан құрбан болғандардың санын көрсетпестен жарылыс фактісін растады.