Танымал модельер Тьерри Мюглер өмірден өтті

Танымал модельер Тьерри Мюглер өмірден өтті
Getty Images

Француз модельері әрі фотограф Тьерри Мюглер 73 жасында өмірден озды.

«2022 жылдың 23 қаңтарында, жексенбі күні Манфред Тьерри Мюглер мырзаның бақилық болғанын қайғыра хабарлаймыз. Жаны жай тапсын деп тілейміз», – делінген Мюглердің Facebook-тегі парақшасында.

Мюглердің ресми өкілі Жан-Батист Ружоның France-Presse-ке берген мәліметінде кутюрье денсаулығы сыр беріп қайтыс болғаны айтылған.

1980-90 жылдары Мюглер киім дизайнері ретінде көпшілікті мойындатты. Бірақ соңғы жылдары ол суретке түсірумен және шоуға костюмдер дайындаумен айналысып жүрген.