АҚШ-та вакцина туралы анықтама өзгеруі мүмкін

АҚШ-та вакцина туралы анықтама өзгеруі мүмкін

Елдің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы ковид екпесінің үшінші дозасына қатысты жаңа зерттеулерімен бөлісті.

Олардың қорытындысы бойынша бустер дозасын алғандардың 90 проценті ауруханаға түсуден аман қалады, ал үшінші екпені алмағандардың үлесі 57 процент ғана. Сонымен қатар бустер алғанына қарамастан қандай да бір себеппен індетті жұқтырып, ауруханаға жеткізілген күннің өзінде науқастың халінің мүшкіл болуы екіталай. Мұндай сырқаттардың 82 проценті ауруды жеңіл өткізеді, дейді орталық сарапшылары. Осы орайда олар "толықтай вакциналанған" деген анықтаманы жаңартып, бұл санатқа бустер екпесін алғандарды ғана жатқызу керек" дейді.

Рошель Валенский, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры:

 - Қазіргі таңда толықтай вакциналанған адамның кім екенін нақты анықтау өзектілігі артып келеді. Себебі сіздің иммундық жүйеңіз ковид екпесінің қанша доза алғаныңызға байланысты. Ал індеттен барынша қорғану үшін бустерді алу маңызды. Өйткені оның тиімділігі уақыт өте өзгереді. Сондықтан екінші дозаны алғаннан кейін уақыты келсе, үшінші дозаны міндетті түрде салғызыңыз.