Сербиядағы мигранттардың жағдайы мәз емес

Сербиядағы мигранттардың жағдайы мәз емес

Таяу Шығысты тастап, Еуропаға ағылған мигранттардың да жағдайы ауыр боп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сириядан Сербияға барған босқындардың қыстың азабын тартып жатыр. Олар шекара бойында қаңырап тұрған қора-жайды паналауға мәжбүр.

Мұхтар Ахмад, сириялық босқын:

– Бізде ақша да, тамақ та жоқ. Түксіз қалдық. Осында 3 айдан бері тұрып жатырмыз. Бірақ сенделіп босқа жүрміз.

Сербия мен Венгрия шекара жағында қазір температура бағаны минус 10 градусты көрсетіп тұр. Босқындардың кері қайтатын түрі жоқ. Еуропалық елдердің үкіметтері де оларды әрі қарай өткізуге ниетті емес.