Пандемия кезінде әріп танымайтын балалар қатары артты

Пандемия кезінде 1 миллиард 600 миллион оқушы мен студент оқуын үзген. Жағдай әлі де түзелген жоқ.

Білім беру бойынша жаһандық серіктестік өкілдері осылай дейді. Олардың айтуынша, кейінгі уақытта табыс деңгейі орташа және төмен елдерде қарапайым мәтінді оқи алмайтын оқушылардың үлесі 53-тен 70 процентке дейін артқан. Олардың көбіне қашықтан оқу қиынға түсіп отыр. Себебі бірінде қажетті гаджет, енді бірінде тіпті интернет жоқ. 

Чарльз Норт, білім беру бойынша жаһандық серіктестік директорының міндетін атқарушы:

– Түрлі есептеулер бойынша 24 миллион балаға мектепке қайта оралмай қалу қаупі төніп тұр. 13 миллион қыз білім алуын тоқтатып, жасына жетпей тұрмысқа ерте берілуі мүмкін. Өйткені пандемия салдарынан олардың отбасылары қаржы қиындықтарына тап болған.