Флорида маңында адам сатуға шыққан кеме апатқа ұшырады

Флоридадан 70 шақырым қашықтықта 39 адам отырған кеме апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір құтқарушылар оларды іздестіріп жатыр. Мамандар апатқа күннің қолайсыздығы себеп болғанын айтады. Аман қалған бір адамның айтуынша, су көлігі Багам аралдарынан аттанған. Ал кемедегі адамдар – сатуға апара жатқандар.

Енді адам саудасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Құтқару-іздестіру жұмыстарына ондаған ұшақ пен бірнеше кеме жұмылдырылды.