Еуроодақ карантиндік шектеу шараларын жеңілдетпек

Еуроодақ карантиндік шектеу шараларын жеңілдетпек

Еуропалық одақ өз аумағындағы елдер арасында карантиндік шектеу шараларын жеңілдетпек.

Одақ кеңесінің шешімі бойынша толық егілген немесе жуырда ғана ауырып шыққан азаматқа еуропалық мемлекеттер арасындағы сапарлары кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Яғни ақпанның 1-інен бастап егілген саяхатшы, птр тест тапсырмайды, әрі карантиннен де өтпейді. Цифрлық сертификат немесе вакцинаны растайтын төлқұжаттың болуы жеткілікті. Алайда одақтың кез келген елінде, эпидахуал ушықса жаңа шектеулер енгізілуі бек мүмкін.

Клеман Бон, Францияның Еуропа істері жөніндегі министрі:

– Еуроодақ елдері арасында сапарға шығатын өз азаматтарымыз үшін шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдадық. Еуропалық Одақтың көптеген елдері сияқты азаматтардың вакцина қабылдағанын және ауырып шыққандарын ескеретін боламыз.