Дұшпандықтан достыққа: Түркия Израильмен ынтымақтастық орнатуға ниетті

Түркия мен Израиль байланысында жаңа дәуір басталуы мүмкін. Израильдің президенті Ицках Герцог ақпанда Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Түркия Израильмен табиғи газ саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті. Екі ел арасындағы қарым-қатынас бұрынғы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен президент Ердоған тұсында нашарлаған. Тараптар 2010 мен 2018 жылдары қарым-қатынасын үзілді кесілді тоқтатып, елшілерін қайтарып алған. Біріншісіне Израильдің Газа секторына гуманитарлық көмек тасымалдаған жүк кемесіне шабуылдап, 9 еріктінің қаза табуы себеп болса, екіншісіне АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіруі түркі болған.

Түркия таяу шығыс елдерімен ғана емес, сондай-ақ Армениямен де байланысын жандандырмақ. Екі тарап дипломатиялық қатынастарын реттеу мақсатында арнайы өкіл тағайындады. Ресми Ереван наурыз айында Анталияда өтетін дипломатия форумына қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді.