Берлинде дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Берлинде дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Германиядағы «Надия» дауылынан жүк кемесі апатқа ұшырады. Оқиғадан екі экипаж мүшесі түрлі жарақат алды. Табиғат апатынан Берлиннің өрт сөндіру қызметі төтенше жағдай жариялады.

Ақпарат көздері бірнеше адамның мерт болғанын хабарлайды. Олардың нақты саны анықталып жатыр.

Айта кетейік, долы дауыл Польша, Дания мен Швецияда да мінез көрсетті. Апаттан көлік қатынасы тежеліп, ондаған рейстің сапары кейінге шегерілді.