Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында белгісіз біреулер полицейлерді атып кетті

Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында белгісіз біреулер 2 полицейді атып кетіп, қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Оқиға Кузель округінде болды. Қаза тапқандардың бірі – әйел, екіншісі – ер адам. Екеуі де тағылымдамадан өтіп жүрген полиция академиясының кадеттері болған.

Оқиға кезінде осы өңірде патрульдік қызмет атқарып жүрген. Шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде 2 күдікті ұсталған. Бірақ олардың атысқа қатысы бар-жоғы әлі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.