Эквадорда лай көшкінінен 11 адам көз жұмды

Эквадорда лай көшкінінен 11 адам көз жұмды. Тағы 32 тұрғын жарақат алған.

Бұдан басқа 8 ғимарат қирап, төбесі ортасына түскен. Билік бұл қайғылы оқиғаны соңғы 20 жылда тіркелген ең ірі табиғи апат деп бағалады.

Оңтүстік америкалықтардың елінде өткен жылдың қазан айынан бастап жауын-шашын толассыз құйған. 24 провинцияның 22-сінде нөсер соңы кейін тасқын мен лай көшкініне ұласқан. Бірқатар өңірде электр желісі үзілген. Содан бері 18 адам ажал құшып, 24-і ауыр жараланған болатын.

Ғалымдар Эквадордағы ақ жауынның құюына әлемдегі климат өзгерісінің тікелей әсері бар дейді.