Бразилияның Сан-Паулу қаласында жол опырылып түсті

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жол опырылып түсті

Бұл жерде негізі метро салынып жатыр. Жол сол жерасты құрылысын жанай өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда ешкім жапа шекпеген. Бірақ қаланың шығысы мен батысын байланыстырып тұрған автомагистральда кептеліс пайда болып, елді әуреге салды. Жердің опырылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұған дейін аймақта толассыз жауын жауып, су тасыған еді. Табиғат апатынан 24 адам опат болды.