АҚШ-та қан тапсыратын донорлар жетіспей жатыр  

АҚШ-та қан тапсыратын донорлар жетіспей жатыр  

Омикронның кең етек жаюы салдарынан АҚШ-та қан тапшылығы сезіле бастады. Бұл туралы Қызыл Крест өкілдері хабарлайды.

Өйткені вирус өршіп, Донор күні секілді науқандарды өткізу мүмкін болмай тұр. Пандемия басталғалы қан тапсыруға ниетті адам саны 10 процентке азайған. Оған қоса қазір жергілікті медицина мекемелерінде қызметкерлер тапшы. Өйткені вирус жұқтырғандар көп. Арасында ауыр жұмысқа шыдамай қызметінен кетіп қалғандар да жетерлік.

Кэри Дигтон, америкалық Қызыл Крест өкілі:

– Қан тапшылығы ұлттық деңгейдегі дағдарысқа айналды. АҚШ-та әр 2 секунд сайын қан керек болып жатады. Бұл босанған әйел, көлік апаты кезінде жарақат алған жолаушы немесе қатерлі ісікке шалдыққан науқас болуы мүмкін.