Ұлыбританияда көк бір ай ерте шықты

Ұлыбританияда көк бір ай ерте шықты

Ұлыбританияда өсімдіктер әдеттегіден бір ай бұрын гүлдеді.

Кембридж университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша, мұндай жағдай тек бұдан 200 жыл бұрын болған. Мамандар өсімдіктердің ерте гүлдеуі ғаламдық жылынумен байланысты және бұл экологиялық жүйеге қауіп дейді. Өйткені ерте гүлдеген өсімдіктер үсікке ұрынуы мүмкін. Бұл жәндік пен құс, жабайы жануарлар үшін де зиянды болмақ.

Ульф Бентген, зерттеу авторы:

– Басты 2 тосынсый бар. Біріншісі, гүлдену кезеңі бір айға жылжыды, екіншісі, температураға толық тәуелділік орнады. Жаңбыр, шуақты күн және басқа да ешқандай фактор әсер еткен жоқ. Мәселе температураның қаңтардан сәуірге дейін өте жоғары деңгейде көтерілуінде болып тұр. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуде.