Пуэрто-Рикода мыңдаған мұғалім шеруге шықты

Пуэрто-Рикода мыңдаған мұғалім шеруге шықты

Педагогтар үкіметтен жалақы мен зейнетақы көлемін өсіруді талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Сан-Хуанда ереуілшілер АҚШ-қа бағынышты мемлекеттің губернаторы кеңсесіне дейін барды. Ұстаздар қауымы қымбатшылық жайлап бара жатқанына ашынады. Айлығы шайлығына жетпеген мұғалімдер бір мезгілде бірнеше жұмыс істеп, бала-шағасына көңіл бөле алмай отырғанын айтады. Осының кесірінен білім де, тәрбие беру жүйесі де оңып тұрған жоқ.