Мексикада көлік апатынан сегіз адам ажал құшты

Мексикада көлік апатынан сегіз адам ажал құшты

Қағамдық көлік қауіпсіз болу керек. Мексиканың ірі туризм орталығы Канкун қаласының жанында автобус апатқа ұшырап, 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрбандар арасында 2 француз және 1 неміс азаматы бар. Олар бұл елге саяхаттап барған. Тағы 28 жолаушы жарақат алған. Оның 12-сі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға тіркелген аймақ прокурорының бастапқы ақпараты бойынша, автобус құрылыс техникасына соғылған. Апат себебін анықтау үшін тергеу амалдары жалғасуда.