Қытай ғалымдары коронавирусты 4 минутта анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Қытай ғалымдары коронавирусты небәрі 4 минут ішінде анықтайтын биосенсор ойлап тапты.

Оның дәлдігі ПТР-тестке пара пар. Құрылғыны әуежайда немесе үйде қолдануға ыңғайлы. Жуырда Оңтүстік Корея ғалымдары да жарты сағат ішінде коронавирустың кез келген штамын анықтайтын биодатчик ойлап тапқан еді. Ол да жоғары дәлдігін көрсеткен.