Германияда карантин мәселесі пікірталас тудырды

Германияда карантин мәселесі пікірталас тудырды

Германияда індет жұқтыру дерегі еселеп артуда. Елде күн сайын 100 мыңнан астам науқас тіркеледі.

Өткен аптада ғана бір күнде коронавируспен ауырғандар саны алғаш рет 250 мың адамнан асты. Мамандар бұл көрсеткіш 2 есе артуы мүмкін деп қауіптенеді.

Вирусологтардың айтуынша, Германиядағы ковид жұқтыру ақпан айының ортасында шарықтау шегіне жетпек. Қазір неміс қоғамында карантин талаптарын алып тастау туралы қызу пікірталас жүріп жатыр. Денсаулық сақтау министрі шектеулерді жеңілдетуге әлі ерте екенін мәлімдеді. Германияда вакцина салдырғандардың үлесі әлі 75 процентке жетпейді. 

Карл Лаутербах, ГФР Денсаулық сақтау министрі:

- Карантин талаптарын жеңілдету туралы саяси ортадағы әңгімелерге таңқаламын. Бізде індет әлі өршіп тұр. Күнде коронавирустан 100-150 адам көз жұмтып жатыр. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Енгізілген шаралардың көмегімен пандемияның қазіргі толқынымен тиімді күресіп жатырмыз. Шектеулерді жеңілдетсек, қайтадан ауыр жағдайға ұрынамыз.