Отынның қымбаттауы Еуроодақта инфляцияның өсуіне әкеледі

Отынның қымбаттауы Еуроодақта инфляцияның өсуіне әкеледі

Қуат көздерінің қымбаттауы биыл Еуроодақта инфляцияны күшейтіп, экономикалық өсімін тежейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еуроодақтың экономика бойынша комиссары Паоло Джентилони мәлімдеді. Еурокомиссияның есебінше, 2022 жылы инфляция деңгейі 3,9 процент құрайды. Қазірдің өзінде Еуроодақта электр қуаты мен газдың бағасы екі есе қымбаттаған. Паоло Джентилони инфляция мен экономика көрсеткіштері бүкіл құрылықта тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына да байланысты болатынын ерекше айтып кетті.

Паоло Джентилони, Еуроодақтың экономика бойынша комиссары:

– Қуат көздерінің қымбаттауы мен тауар жеткізудегі іркіліс тұтынушылық бағалардың өсуіне үлкен әсер етіп отыр. Биыл инфляция деңгейі күзде жасалған болжамнан едәуір асатын түрі бар. Фьючерс келісімшарттары отын бағасы әлі де ұзақ уақыт төмендемейтінін көрсетті.