Қытай қаласында азық-түлік тапшылығы туындауы мүмкін

Қытай қаласында азық-түлік тапшылығы туындауы мүмкін

Гонконгта алдағы уақытта көкөніс пен құс етінің тапшылығы болады деп болжап отыр мамандар.

Арнайы әкімшілік аудан азық-түліктің 90 процентін сырттан импорттайды. Алайда кейінгі уақытта жүк көлігінің жүргізушілері арасында коронавирус жұқтырғандар қатары көбейген. Сондықтан тауарларды жеткізуге қатысты қиындықтар туындауы мүмкін деген күдік бар. Айта кеткен жөн, қазір Гонконгта коронавирус өршіп тұр. Өткен аптада мұнда рекордтық тәуліктік өсім тіркелді.

Дэнни Лай, Гонконг студенттер қауымдастығының президенті:

– Қазір Гонконгта коронавирус өршіп тұр. Мұнда індеттің бесінші толқыны жүріп жатыр. Абырой болғанда, бізге орталық үкімет қолдау көрсетіп келеді.