АҚШ-тың Флорида штатында демалушылар толы жағажайға тікұшақ құлады

АҚШ-тың Флорида штатында тікұшақ демалушылар толы жағажайға жақын суға барып құлады.

Оқиға кеше әйгілі Майами-Бич курортты қаласында болды. Бейнежазбада тікұшақтың кенеттен құлдилап барып апатқа ұшырағанын көруге болады. Борттағы 3 жолаушының екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Өзге жапа шеккендер жоқ. Қазір жергілікті Федералдық авиация басқармасы апат себептерін анықтап жатыр.