Ресейдің бес облысында төтенше жағдай жарияланды    

Ресейдің бес облысында төтенше жағдай жарияланды    

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үш күнде Украинаның Донбасс өңірінен елге 60 мыңнан аса адам келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш болып босқындарды Ростов облысы қабылдады. Кейін Ресейдің 30-дан аса аймағы Донбасс тұрғындарын кіргізуге келісті. Арасында Мәскеу мен Ленинград облыстары бар. Ресейдің бес аймағы – Ростов, Саратов, Воронеж, Курск және Волгоград облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Қарапайым тұрғындарға бұл қиындық туғызбайды, коменданттық сағат енгізілген жоқ. Барлық мекемелер бұрынғыша жұмыс істеп жатыр. Ростовта босқындар 20 арнайы орталықтарға орналастырылды. Бұл жатақханалар, мейманхана мен хостелдер және қала сыртындағы демалыс орындары.