Мексикада түрмедегі бүліктен 20 полицей жарақат алды

Мексикада түрмедегі бүліктен 20 полицей жарақат алды
Anadolu Agency

Мексиканың Акапулько қаласында түрмеде болған тәртіпсіздіктерден 20 полиция қызметкері зардап шекті, деп жазады aa.com.tr.

Бүлік ондаған тұтқынның федералды түрмеге ауысудан бас тартуынан басталған.

Ресми тұлғалардың мәліметінше, тәртіп сақшылары ауыр жарақаттар алған. Көбісінің сүйегі сынып, басынан зақым алған.