В.Путин: Минск келісімдері күшін жойды

Ресей Донецк халықтық республикасы мен Луганск халықтық республикасын өз конституциясында көрсетілген шекара аумағында егемен елдер деп мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Владимир Путин арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Кремль аталған аймақтарға әскери көмек көрсетеді және қажет жағдайда Донбассқа әскер кіргізеді. Сондай-ақ Путин «Украина Ресеймен қарым-қатынасын жақсарту үшін Қырымдағы референдум нәтижесін мойындауы тиіс» деген шарт қойды.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Минск келісімдері Донбастағы халық республикаларын мойындағанға дейін күшін жойған. Қазір ол құжат мүлде жұмыс істемейді. Бұл біздің және аталған республикалар өкілдерінің емес, қазіргі ресми Киевтің кінәсі. Дағдарысты реттеудің бірден бір жолы Украина НАТО-ға қосылудан бас тартуы қажет.