АҚШ-та екі әскери тікұшақ соқтығысты

АҚШ-та екі әскери тікұшақ соқтығысты

АҚШ-тың Юта штатындағы шаңғы курортында 2 әскери тікұшақ соқтығысып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай әскерилердің оқу-жаттығуы кезінде болған. Абырой болғанда, әуе кемелерінде отырғандар да, төменде жүрген шаңғышылар да зардап шеккен жоқ. Әзірге апат себебі анықталып жатыр. Тергеу басталды.

Джаред Джонс, Юта штатының ұлттық ұлан өкілі:

– Өткен түнде қар көп жауды. Алдын ала ақпарат бойынша тікұшақ жоғары көтерілгенде, ақ ұлпаны қатты үрлеп, айнала көрінбей қалған. Қозғалтқыш қалағы ұшып кетіп, қонуға беталған екінші тікұшаққа тиген болуы керек. Жанармай төгілген жоқ. Негізі жауынгерлер тауда көп жаттығады. Бұл іс қыста да үзілмейді.