Киев тұрғындары қаладан кетіп жатыр

Киев қаласының тұрғындары шаһардан кете бастады. «Хабар» Агенттігінің бұрынғы операторы Михаил Мищенко түсірген мына бейнекадрда асығып жолға шыққан автокөліктерді байқай аласыздар.

Мұнда Владимир Путиннің Украинада басталған арнайы операциясы жарияланғаннан кейін жолдардағы көлік қозғалысы жиілеп кетті.

Михаил Мищенко, жергілікті тұрғын:

- Ақпараттық қызметтер жаңалықты жарыса жазып жатыр. Интернет өшкен жоқ. Халық шұғыл шешім қабылдай бастады. Көбі заттарын жинап көліктеріне отырып жолға шықты. Жолдардағы қозғалыс жиілеп кетті. Халықтың реакциясы орынды. Көбінде балалары мен қарт ата-аналары бар. Жанармай құю бекеттерінде газ, бензин, дизель құю үшін  кезек көбейді. Әзірше барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұр.