Кореяда ковид жұқтырудан тәуліктік антирекорд орнады

Кореяда ковид жұқтырудан тәуліктік антирекорд орнады

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша тағы да тәуліктік рекорд орнады.

Кейінгі 24 сағатта елде 170 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің хабарлауынша, күнделікті көрсеткіш әлі де артуы мүмкін. Десе де, ауыр халдегі науқастар мен өлім-жітім көрсеткіші төмен деңгейде. Бүгінде 480 адамның жағдайы ауыр деп бағаланады. Айта өтейік, Оңтүстік Корея елінде вирус жұқтыру көрсеткіші қаңтардың ортасынан бастап күрт артып кетті.