Еуроодақ Украинаға қатысты шұғыл отырыс өткізеді

Еуропалық Одақ Украина төңірегіндегі жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты шұғыл отырыс шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

27 мемлекет Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізеді. Олардың ішінде активтерді бұғаттау, Ресей банктерінің Еуропаның қаржы нарығына кіруіне тыйым бар. Бұдан бөлек Еуропарламент барлық ресейліктердің визасының күшін жою мәселесін қарастырады. Бастаманы Брюссель қолдады. Жаңа шаралар бүгін кешке талықланады.