Киевте жаңа жарылыстар болып жатыр – БАҚ

Украинаның ақпарат құралдары мен Киев тұрғындары қалада жаңа жарылыстар болып жатқанын хабарлап жатыр. Осы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, шабуыл қанатты және баллистикалық зымырандармен жасалуда. Бір үй отқа оранып, өрт дереу сөндірілді. Алдын ала ақпарат бойынша, 8 адам жарақат алған. Киев билігі тұрғындарды әуе дабылы ойнаған бетте, бомбадан қорғанатын жертөлеге жасырынуға шақырып әлек.

Владимир Зеленский халыққа жаңа үндеу жолдады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Бүгін таңертеңнен бері мемлекетімізді кешегідей жалғыз өзіміз қорғап жатырмыз. Әлемнің ең қуатты күштері алыстан құр бақылап отыр. Кешелі бері салынып жатқан санкциялар Ресейді тұқырта алды ма? Аспанымызға және жерімізге қарасақ, мұның жеткіліксіз екенін байқаймыз. Жат елдің әскері жерімізде ойран салып жатыр. Украиналықтардың бірлігі мен батырлығы ғана елдігіміз бен бостандығымызды қорғап қалмақ.