Қырғызстанның Тоқтоғұл қоймасында су азайып барады

Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасында су деңгейі күннен күнге төмендеп келеді. Осыған байланысты электр қуатын өндіретін гидротурбиналарды ажырату қаупі артты. Бұдан бөлек егістікерді суаруға да су жетпеуі мүмкін дейді мамандар.

Қырғызстан Ұлттық энергохолдингінің мәліметінше, 24 ақпанда Тоқтоғұл су қоймасында су көлемі 8 миллиард 290 миллион текше мерт болған. Оған қоса қоймаға секундына 148 текше метр су құйылса, одан секундына 400 текше метр су ағылады. Яғни әр секунд сайын су көлемі 252 текше метрге азайып барады. Электрстанцияның гидроагрегаттарының ажыратылуы тиіс межеден төмендегеніне біраз уақыт болды. Қазір турбиналар бұрынғыша электр қуатын өндіріп жатыр, бірақ шектеулі мөлшерде.

Расул Умбеталиев, энергетика саласының сарапшысы: 

- Тоқтоғұл су қоймасында су көлемі 6 миллиард текше метрден төмендеуі әрине гидроэлектрстанциясы мен оның гидроагрегаттардың жұмысына үлкен қатер төндіреді. Өйткені онда шұңғыстар мен кавитациялық әрекеттер пайда болады, ал бұл гидроагрегаттардың жұмысы мен сақтығына әсер етеді. 

Ауа райының жылынуы салдарынан су қоймасын толтыратын таулы аудандарда жауын-шашын азайған. Осының кесірінен Қырғызстанда электр қуатын өндіру кеміді. Абырой болғанда, биыл қыс жылы болып, электр энергияны тұтыну айтарлықтай артқан жоқ. Ал Қазақстан мен Өзбекстанға алдағы көктемде суаратын су көлемі жетіспеуі мүмкін. Сондықтан сарапшылар су-энергетикалық баланс жөнінде мемлекетаралық келіссөздер өтетініне сенімді. 

Игорь Шестаков, саясаттанушы:

- 90-жылдардың аяғынан бастап Орталық Азияда гидроэнергетикалық консорциумдар құру туралы әңгіме қозғалып келеді. Мұны жасайтын кез келген секілді. 

Қырғызстан үкіметі энергия саласындағы жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті. Камбарат гидроэлектр станциясын салу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Оған қоса бірнеше шағын электр станциясы іске қосылды. Тіпті ел билігі атом электр станциясы салынуы мүмкін дейді.

Бакыт Чермашев