Зеленский Путинді келіссөзге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Владимимр Путинді келіссөз өткізуге шақырды. Өз үндеуінде Зеленский ел аумағындағы ұрыстар жөнінде айта келіп, Ресейдің бұл әрекеті тұтас Еуропаға қарсы соғыстың бастамасы деп мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

 - Ресей Федерациясының президентіне тағы бір мәрте үндеу жолдағым келеді. Украинаның барлық аумағында шайқас жүріп жатыр. Бейбіт адамдардың қырылуын тоқтату үшін келіссөз өткізуге шақырамын. 

Лавров Украинамен келіссөз бастаудың шартын айтты

Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинамен келіссөз жүргізудің алғышартын атаған. Ол Украина әскерилері қаруын тастап, өз еркімен берілсе ғана бұл мәселенің қарастырылатынын айтты.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

- Қазір болып жатқан оқиғалардың нәтижесін президент Путин айтқандай жағдайға қарай көреміз. Біз украин халқының тәуелсіз болғанын қалаймыз. Оны халықтың алуан түрлілігін қолдайтын үкіметтің басқарғанына мүдделіміз. Халықты сыртқы күштердің басқарғанын қаламаймыз. Оның үстіне олар неонацизмді қолдап, Украинаны Ресейді ұстап тұратын құрал ретінде пайдаланғысы келеді.