Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы жекелей санкция енгізген

Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы жекелей санкция енгізген
Хабар 24

АҚШ, Еуроодақ және Британия Владимир Путин мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы жекелей санкция енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар Еуроодақ РесейТемірЖолы, КамАЗ және «Ростех» секілді ірі компанияларға да санкция салды. Ал Франция қаржы министрі Брюно ле Мэр кеше Ресейді SWIFT банк жүйесінен шығаруды ұсынды. Бұл – Украинаның талабы, бірақ Еуродақ елдерінің министрлері мұндай қатаң шара қолданудың реті бар ма, жоқ па, соны келісе алмай жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымында да дау көп. Кейінгі отырыста Ресей бұл Ұйымның қауіпсіздік Кеңесінің Украинаға шабуылды тоқтату туралы резолюциясына вето қойды. Ал резолюцияға 11 мемлекет дауыс берген. Тек Кытай, Үндістан мен Біріккен Араб әмірліктері ғана қалыс қалды. Еуроодақтың 27-і мемлекетінің қаржы министрлері санкциялық шаралардың үшінші раундын қызу талқылап жатыр.