Боливияда дәстүрлі карнавал басталды

Боливияда дәстүрлі карнавал басталды

Ел астанасы Ла-Пас қаласының көшелері салтанатты киім киген бишілер мен музыканттарға толған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус індетіне байланысты тоқтап қалған меркелік шара алғаш рет өтіп отыр. Халық елде қалыпты өмір оралып жатқанына қуанышты. Бірақ шараға қатысушылардан әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге кеңес берген.

Айта кетейік, Боливиядағы карнавал бірнеше күн жалғасады және оны тамашалауға туристер көптеп келеді.

Хильберто Варгас, карнавалға қатысушы:

– Екі жылдан кейін халқымыздың бай фольклорын қайта көрсетуге мүмкіндік туып отыр. Коронавирусты жұқтырып алу қауіпі болғанымен, қазір елде індеттің таралуы біршама бәсеңдеген. Сондықтан біз боливиялықтар сүйікті ісіміз би билеп, дәстүрлі карнавалды қайта өткізіп жатқанымызға қуаныштымыз.