Австралияда жауыннан жарты миллионға жуық тұрғын эвакуацияланбақ

Австралияда жауыннан жарты миллионға жуық тұрғын эвакуацияланбақ

Сидней мен оның шеткі аудандарында тұратын 500 мыңға жуық тұрғынға қауіпсіз жерге көшу туралы бұйрық берілді. Себебі Австралияның шығыс жағалауына жауын селдетіп, су тасқыны қатері күшейді. 5 миллионға жуық тұрғыны бар шаһарда бірнеше өзеннің суы көтерілген. Жергілікті билік адамдарды хабарламаға немқұрайлы қарамауға шақырып жатыр.

Сиднейден 200 шақырымдай қашықтықтағы барлық елді мекендерге де су тасқыны болуы мүмкін екені ескертілген.

Доминик Перротте, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері:

– Қазір штатымызда жауын-шашын мен су тасқыны қауіпіне байланысты жарты миллион адамға эвакуациялауға дайын болу туралы ескерту жіберілді. Егер қауіпсіз жерге көшу жайлы бұйрық келсе, тұрғындар әзір болуы қажет. Бұл нұсқау олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін берілді.