Ресей мен Украина келіссөзінің 2-раунды Беларусьтің Брест облысында өтеді
Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің 2-раунды Беларусьтің Брест облысында өтетін болды.
Бұл туралы Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясының келіссөздердегі талаптары гуманитарлық, саяси және әскери-техникалық мәселелерді қамтиды. Бірақ Украина тарапы келіссөздің Брест облысында өтетінін әлі растай қоймаған.