Украина қарулы күштері Буча қаласын өз бақылауына қайтып алды

Украина қарулы күштері Киев облысындағы Буча қаласын қайтадан өз бақылауына алды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Әлеуметтік желіде қалалық кеңес ғимараты алдында Украина туының көтерілген сәті бейнеленген видео тарады. Қазір тұрғындарға азық-түлік жеткізу және электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.