Ресейдің Орталық банкі шетелге валюта аударуға шектеу қойды

Енді тұрғындар айына ары кетсе 5 мың доллар ғана жібере алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның өзінде халықаралық аударымдар жақын туыстарға ғана қатысты жүзеге асырылады. Орталық банктің бұл шешімі – санкциялар аясында елде шетелдік валютаны сақтап қалуға бағытталған шара.