Түрікменстан президенті конституцияны өзгертуге ниетті

Бердімұхамедов Түрікменстан Конституциясына өзгерістер енгізіп, билік органдарының өкілеттіктерін қайта бөлуге ниетті.

Айтуынша, түрікмен заңнамасы заман талаптарына сәйкес үнемі жетілдіріліп отырады. Осы ретте Түрікменстанның негізгі заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктерін, құқықтары мен міндеттерін қайта қарауды тапсырды.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 12 наурызында Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.