Флоридада орман өрті өршіп тұр

Флоридада орман өрті өршіп тұр

Флорида штатында төртінші күн орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта жел күшейіп, жалынды одан әрі өршітті. Мамандар екі бірдей ірі өрт ошағы тіркелгенін айтады. Қызыл жалын тұрғын үйлерге жақындап қалған. Мыңдаған адам мен қарттар үйінің тұрғындары эвакуацияланды. Жергілікті билік халықтың қашан үйлеріне қайта алатынын айта алмай отыр.

Джо Дверховски, орман шаруашылығының қызметкері:

- Мамандар қолдан келгенше тілсіз жауды ауыздықтауға тырысып жатыр. Десе де желдің кесірінен өрттің өшетін түрі жоқ. Салдарынан жұмыс қиындап барады.