Путин: Әскери қимылдарға мерзімді әскери қызмет атқаратындар қатыспайды

Ресей президенті Владимир Путин халыққа жасаған үндеуінде жауынгерлік іс-әрекеттерге мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген сарбаздар жіберілмейтінін және резервтегі әскерилер де шақырылмайтынын хабарлады.

Айтуынша, діттеген мақсатты тек кәсіби әскери қызметкерлер жүзеге асыратын болады. 

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Әскери іс-қимылдарға мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген сарбаздар қатыспайды. Резервтегі әскерилер де шақыртылмайды. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіби мамандар тартылады. Олардың Ресей халқы үшін  қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ететініне кәміл сенімдімін. Қақтығыстағы сарбаздар мен офицерлердің аналары мен апа-қарындастарына, сүйіктілеріне айтарым олар қазір елін қорғап, әскери операцияға қатысып жатыр. Уайымдарыңызды түсінемін. Оларды мақтан тұтуларыңыз керек.