Украинадан кеткен босқындар саны екі млн-ға жетуі мүмкін

Бүгін БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди осылай деді.

Гранди келтірген мәліметке сәйкес, қоныс аударуға мәжбүр азаматтардың дені әйелдер мен балалар. Қарт кісілер де өте көп. Осыған байланысты ол гуманитарлық дәліздер жұмысын қамтамасыз етуге шақырды. Бұл мәселеде БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар көмектесуге дайын екенін жеткізді. Қазірге дейін Украинадан шамамен 1 млн 700 мың адам кеткен.