Coca-Cola компаниясы Ресейден кетеді

Coca-Cola компаниясы Ресейден кетеді

Coca-Cola компаниясы Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдегі жұмысын тоқтататын болды. Бұл туралы америкалық алпауыт өз сайтында жария етті. Онда бірлестік Украинадағы ахуалды қадағалап, соған қарай әрекет ететінін жеткізген.

«Кока коланың» Ресейдің Мәскеу және өзге де қалаларында сусын құятын зауыттары бар. Былтыр Ресей мен Украинадағы бизнесінен 1-2 проценттей ғана таза пайда көрген екен.

Айта кетейік, бұған дейін «ПепсиКоу» ( PepsiCo ) компаниясы да Ресейдегі бизнесін доғарып, инвестициялық және жарнамалық жобаларын тоқтататынын мәлімдеген.